Тұлға, Құран және Сүннет
Көзі қарақты оқырмандардың назарына ұсынылып отырған кітап, он сегіз мың ғаламның сардары болған ақырғы елші Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) тағылымға толы өмір жолынан сыр шерте отырып, Ислам тарихында орын алған ірілі-ұсақты оқиғалардың шынайы шындығын нақтылы деректермен бедерлеп, айшықтап берумен қатар, тарих көшіне ілесіп ғасырлар бойы өз биігіне шырқай түскен ислам дінінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары туралы ой-толғаныстарын да көркем тілмен баян етеді. Сөз жоқ, кеңінен көрініс тапқан тың ойлардың, соны пайымдаулар мен терең байыпты ізденістерге толы зерттеулердің мәні айрықша. Адамзаттың асыл тұлғасының ғажайып әлемі әспеттелген бұл еңбек, оқырманның жүрегін тербеп, санасына сәуле түсірері күмәнсіз. Еңбек барша оқырман қауымға арналады.