Тауар қайтару

  1. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ
    • Тиісті сападағы тауарды қайтару.

а) Сатып алушы тиісті сападағы тапсырыс берілген Тауардан оны алғанға дейін кез келген уақытта бас тартуға құқылы, ал Тауарды алғаннан кейін – егер ол пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбылары, затбелгілері, сонымен қатар Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталған болса, 14 (он төрт) күнтізбелік күн аралығында бас тарта алады.

Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған болса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, егер Сатып алушы аталған сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, Сатушы тауарды айырбастауы немесе қайтаруы керек.

б) Егер көрсетілген Тауарды Сатып алушы ғана пайдаланатын болса, Сатып алушы өзіндік айқын қасиетке ие, тиісті сападағы Тауардан бас тартуға құқы жоқ.

в) Сатып алушы Тауардан бас тартқан жағдайда Сатып алушыдан жазбаша өтініш пен тауарды алған күнінен кем дегенде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Сатып алушыдан қайтарылған Тауарды жеткізуге Сатушының шығындарын қоспағанда Шарттың 6.1. а тармағына сәйкес Сатушы оған қайтарылған Тауардың құнын қайтарады.

г) Егер Сатып алушы тауарды айырбастағысы келсе, ал Сатып алушының жүгінген сәтінде ұқсас тауар сатылымда болмаса, Сатып алушы сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартуға және көрсетілген тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Сатушы тауар қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні аралығында қайтарылған тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруға міндетті.

а) Сатып алушы Сатушыға тиісті емес сападағы Тауарды қайтара алады және төленген ақшалай соманы қайтаруды талап ете алады. Сатып алушы сонымен қатар тиісті емес сападағы Тауарды алмастыруды талап ете алады.

б) Сатып алушының шарттан бас тартқан жағдайында және Шарттың 6.2. а тармағына сәйкес тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтару туралы талаптар қойған жағдайда Тауар құны Сатып алушыдан жазбаша өтініші мен тауарды Сатушының алған сәтінен 10 (он) жұмыс күні аралығында Сатып алушыға қайтарылуы тиіс.

а) Ақшалай қаражаттар Тауарға төлем жасау кезінде пайдаланылған тәсілмен қайтарылуы тиіс.

б) Егер ақшалай қаражатты қайтару Сатып алушының тауарды қайтаруынан басқа уақытта жүзеге асырылатын болса, көрсетілген соманы қайтару Сатып алушы көрсеткен Сатып алушының банктік шотына сәйкес соманы аудару жолымен Сатып алушының келісімі арқылы Сатушы жүзеге асырады.