Біз туралы

«BOOK-MADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның кітап нарығында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келген "Кокжиек-Б" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен kokzhiek.kz интернет дүкен сайтының құқығын алды.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары елімізде дәстүрлі ата дініміз исламға халықтың қарқынды бетбұрыс жасағаны белгілі. Қоғамдық өзгеріске сай дұрыс діни танымды қалыптастырудың өзекті бола түсуіне орай баспа қоғам өміріне қажетті, діни, танымдық, пайдалы кітаптарды сайтқа жариялаймыз. «Ислам ол біздің дініміз ғана емес мәдениетіміз де» деп елбасымыз Н. Әбішұлы айтқандай, дінді тар түсінікте емес, ғасырлардан бері ұлт мәдениетімен астасып келе жатқан құбылыс ретінде қабылдап, діни толеранттылық пен татулықты нығайтуға, діни, этникалық, идеологиялық  араздықтарды болдырмауға, бейбіт өмір қалыптастыруға себеп ету қазіргі уақытта кезек күттірмейтін мәселе.

Біз Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұстанымдары аясында, Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди ақидасы негізінде шыққан кітаптарды сатамыз.